Йеменнің әл-Ходейда қаласында Сауд Арабиясының ірі тыңшылық тобының басшысы құрықталды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i37834
Йеменнің қауіпсіздік күштері Сауд Арабиясының әл-Ходайда қаласының Тахаме аймағында саудиялық ірі тыңшылық топтардың бірін анықтап, оның тәкфиршіл басшысын құрықтады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 17, 2018 23:01 Asia/Almaty
  • Йеменнің әл-Ходейда қаласында Сауд Арабиясының ірі тыңшылық тобының басшысы құрықталды

Йеменнің қауіпсіздік күштері Сауд Арабиясының әл-Ходайда қаласының Тахаме аймағында саудиялық ірі тыңшылық топтардың бірін анықтап, оның тәкфиршіл басшысын құрықтады.

Йемендегі хабардар қауіпсіздік көздерінің бірі: "Бұл тыңшылық топты Сауд Арабиясында дүниеге келіп, тәкфіршіл медреселердің бірін аяқтап, шетелдік тыңшылық агенттіктердің мүдделері үшін жұмыс істейтін ұйымдардың бірінің басшысы саналатын Абдолла Сатих басқарады. Саудиялық коалицияның Йеменге қарсы шабуылдарын жалғастырып отырған кезде Абдолла Сатих аталмыш қоалицияға қызмет етті» деп жазды. Қоғамдық арналардың белсенділері әл-Ходайда әуежайының ішінен саудиялық коалицияның әуежайды өз бақылауына алғаны туралы уәждерін теріске шығаратын жаңа бейнематериал жариялады.