Ердоған Батыс елдерінің өзінің сайлауда жеңіліске ұшырағанын күтіп отырғанын айтты
(last modified Mon, 18 Jun 2018 09:02:01 GMT )
Маусым 18, 2018 15:02 Asia/Almaty
  • Ердоған Батыс елдерінің өзінің сайлауда жеңіліске ұшырағанын күтіп отырғанын айтты

Түркия президенті Батыс елдерінің Түркиядағы президенттік сайлауда өзінің жеңіліске ұшырағанын күтіп отырғанын айтты.

IRNА-ның хабарлауынша, Режеп Тайып Ердоған жексенбі күні кешке Стамбұлда сайлауалды науқаны аясында сөйлеген сөзінде: "Батыс елдері маусымның жиырма төрті күні өтетін сайлаудың нәтижесін, менің жеңіліс тауып, билік басынан құлауымды күтіп отыр. Бірақ, Түркия халқы Батыс елдеріне сабақ беруге дайын. Маусымның жиырма төрті Түркия демократиясы үшін мереке болмақ. Себебі, сол күні халық таңдауы арқылы Түркияның болашағын анықтайды",- деп баса айтты.

Түркиядағы мерзімінен бұрынғы президенттік және парламенттік сайлау маусымның жиырма төрті күні өтеді.