Әл-Ходейда айлағының басшылары айлақтың қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатқанын хабарлады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i37880
Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің жалдамалылары АҚШ, Ұлыбритания мен Франция әскерилерінің тікелей қолдауымен өткен сәрсенбіден бастап Йеменнің әл-Ходейда айлағын басып алу амалдарын бастады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 20, 2018 08:08 Asia/Almaty
  • Әл-Ходейда айлағының басшылары айлақтың қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатқанын хабарлады

Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің жалдамалылары АҚШ, Ұлыбритания мен Франция әскерилерінің тікелей қолдауымен өткен сәрсенбіден бастап Йеменнің әл-Ходейда айлағын басып алу амалдарын бастады.

Йемен армиясы мен халықтық комитеттерінің күштері әл‑Ходейда айлағына жақын жердегі басқыншылар мен жалдамалыларды қамтамасыз ету жолын жауып, 10 сауытты және әскери көлікті қолға түсірді. Хабардар адамдардың мәліметтері бойынша, БАӘ армиясының штабы басшысының орынбасары Иса әл‑Мазруи мен Сауд Арабиясы мен БАӘ‑нің 43 әскериі батыс жағалаудағы қақтығыстарда қаза тапты. Әл‑Ходейда әуежайының маңында қақтығыстар жалғасуда. Йемен үлемдері әл‑Ходейда айлағындағы отырыста  Йемен халқының кез келген құралмен өздерін қорғай алатынын қуаттады.

Сауд Арабиясы АҚШ‑тың қолдауымен 2015 жылы Йеменге шабуыл жасап, бұл елді құрлық, теңіз және әуеден қоршауға алды. Сауд Арабиясының Йеменде жүргізген соғысы осы күнге дейін ондаған мың адамның қаза тауып, жараланып, миллиондаған йемендіктің босқындыққа ұшырауына соқтырды.