Қарсыласу күштері сионистерге 7 зымыранмен жауап қайтарды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i37894
ХАМАС-тың баспасөз хатшысы қарсыласу күштерінің бүгін, сәрсенбі күнгі басып алынған жерлерге қарсы шабуылын сионистік режимнің Газаға қарсы шабуылының жауабы деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 20, 2018 16:14 Asia/Almaty
  • Қарсыласу күштері сионистерге 7 зымыранмен жауап қайтарды

ХАМАС-тың баспасөз хатшысы қарсыласу күштерінің бүгін, сәрсенбі күнгі басып алынған жерлерге қарсы шабуылын сионистік режимнің Газаға қарсы шабуылының жауабы деп атады.

"Палестина әл-Яум" ақпарат базасының мәліметі бойынша, сионистік режимнің әскери ұшақтарының бүгін таңертеңгі Газа секторына жасаған зымырандық шабуылынан кейін қарсыласу күштері 7 зымыранмен сионистік қалашықтарды нысанаға алды. Сол сәтте Газа секторымен шекаралас орналасқан қалашықтан қатер қоңырауы естілді.

ХАМАС-тың баспасөз хатшысы Фузи Бархум әлеуметтік желілердің біріндегі парақшасында: "Қарсыласу күштері дұшпанға Палестина халқына қарсы жаңа қастандықтарын іске асыруға рұқсат етпейді",- деп жазды.

Сионистік режимнің бобалаушы әскери ұшақтары Раффахтағы қарсыласу күштері орналасқан мекенді бомбалап, екі полиция қызметкерін жаралады.