Сионистер бір жарым жастағы палестиналық баланың шәһид болғанына қуанды
(last modified Thu, 21 Jun 2018 15:05:46 GMT )
Маусым 21, 2018 21:05 Asia/Almaty
  • Сионистер бір жарым жастағы палестиналық баланың шәһид болғанына қуанды

Сионистердің тобы бір сионистің Давабше отбасының мүшелерін өлтіру ісін қарастыру бойынша өткен соттың алдында жиналып, сол отбасыдағы бір жарым жастағы палестиналық баланың шәһид болғанына қуаныш білдірді.

Сионист қоныстанушылар 2015 жылы 31 шілдеде Иордан өзенінің батыс жағалауында орналасқан Наблустағы Дума қалашығындағы Давабше отбасының үйін өртеп, соның салдарынан бір жарым жастағы Әли Саад Давабше шәһид болып, ата-анасы қатты күйік салдарынан ауруханада біраз уақыт жатқаннан кейін қайтыс болған.

Осындай қасақана қылмыстың жасалғанына шамамен 3 жыл өткеніне қарамастан, әлі күнге дейін айыпталушыларға қарсы үкім шығарылмаған болатын. Себебі, сионистік режимнің соты алдымен қылмыскердің психикалық тұрғыдан сау еместігі туралы уәж айтып, кейін айыпталушының мойындауына күмән келтірген болатын.