Нетаньяхудың жұбайы сыбайлас жемқорлықпен айыпталды
(last modified Fri, 22 Jun 2018 11:33:27 GMT )
Маусым 22, 2018 17:33 Asia/Almaty
  • Нетаньяхудың жұбайы сыбайлас жемқорлықпен айыпталды

Сионистік режим премьер-министрінің жұбайы алаяқтық бойынша деп айыпталды.

Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың жұбайы Сара Нетаньяху бейсенбі күні осы режимнің Әділет министрлігі тарапынан заңдық нормаларды бұзып, үш жылдың ішінде премьер-министр кеңсесінің бюджетінен жеке бас шығыны үшін 100 000-нан астам доллар көлемінде қаражат жұмсаған деп айыпталды.

Израильдің Әділет министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, Сара Нетаньяху ауыр сыбайлас жемқорлық бойынша айыпталған.

Өткен апталарда Нетаньяхудың адвокаттары Сара Нетаньяхуға қарсы айыптардың алдын алу үшін Израильдің прокуратурасымен келісімге келуге талпыныс жасады.

Израильдік ақпарат құралдарының мәліметіне сәйкес, Беньямин Нетаньяхудың өзі де алдағы бірнеше айдың ішінде немесе 2019 жылдың алғашқы айларына дейін жұбайы сынды айыпталады.