Башар Асад: Сирия үкіметі халықтың қолдауына ие
(last modified Sun, 24 Jun 2018 16:13:01 GMT )
Маусым 24, 2018 22:13 Asia/Almaty
  • Башар Асад: Сирия үкіметі халықтың қолдауына ие

Сирия Президенті: "Батыстықтардың уәждеріне керісінше, Сирия үкіметі халықтың қолдауына ие, сол себепті ол әлі күнге дейін билік жүргізіп отыр",-деді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің сенбі күнгі хабарлауы бойынша, Башар Асад АҚШ-тың NBC телеарнасына берген сұхбатында: "Сирия үкіметі лаңкестермен күресіп жатыр. Ұлыбритания, Франция, АҚШ пен аймақтағы кейбір елдер лаңкестерді қолдап отыр. Сирия үкіметі лаңкестікпен күрес жолында халықтың қолдауына ие",-деді.

Башар Асад Ресеймен қатынас туралы: "Сирия 60 жылдан астам уақыт бойы Ресеймен жақсы қарым-қатынас жасап келеді. Мәскеу осы аралықта ешқашан өз мүддесіне көндіруге талпыныс жасаған емес. Алайда барлық елдер арасында әрдайым көзқарас қайшылығы болады. Бұл – табиғи нәрсе.

Қорытынды шешім Сирияда қабылданады. Бұл Сирия үкіметі тарапынан қабылданатын сириялық шешім болады. Ешкім бұған шәк келтірмеуі керек",-деп қуаттады.  

Тегтер