Башар Асад: Сирияда химиялық қару жоқ
Сирия Президенті Батыстың Сирия армиясының химиялық қару пайдалану туралы айыптарын негізсіз деп атап: "Америкалықтар өтірік айтып, дереу шабуыл жасайды",- деді.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Башар Асад Ресейдің НТВ арнасына берген сұхбатында Сирияда химиялық қарудың жоқ екенін қуаттап: "Сирияға қарсы әскери шабуылдарын ақтау үшін Батыс Дамасктің химиялық қару пайдалануы туралы қастандық жобалады. Бұл сценарий Батыс қолдайтын лаңкестер сәтсіздікке ұшыраған жағдайда айтылып отыр",- деді.
АҚШ-Франция-Британия 2018-ші жылдың сәуір айының 14 күні Дума аймағына химиялық шабуыл жасалды деген уәждерден бір аптадан кейін Сирияның артүрлі аймақтарына 100-ден астам зымыран атқан болатын. Бұл қылмыс химиялық шабуыл жасалды деген сылтаумен іске асырылды.