Рухани мен Эрдоған Теһран-Анкара келісімдерін жылдам жүзеге асыру қажеттігін қуаттады
(last modified Tue, 26 Jun 2018 09:00:08 GMT )
Маусым 26, 2018 15:00 Asia/Almaty
  • Рухани мен Эрдоған Теһран-Анкара келісімдерін жылдам жүзеге асыру қажеттігін қуаттады

ИИР Президенті Теһран мен Анкара арасындағы әртүрлі салалардағы қарым-қатынастар мен ынтымақтастықтардың кеңейіп келе жатқандығына тоқталып, Иран мен Түркия басшыларының екіжақты қарым-қатынастарды бұрынғыдан көбірек ілгерілетуге талпыну қажеттігін қуаттады.

Хасан Рухани  дүйсенбі күні Түркия Президенті Режеп Тайып Эрдоғанмен телефон арқылы сөйлесіп, Түркия халқының сеніміне ие болып, ел Президенті болып сайлануымен құттықтап: "Түркия сайлауының халықтың жаппай қатысуы және тыныштық пен қауіпсіздікте өтуі Иран үкіметі мен халқының қуанышына себеп болды",- деді.

Иран Президенті Түркия халқының сайлауға жаппай қатысуын олардың аймақ пен әлемнің жағдайынан толық хабардар болуының белгісі деп атап: "Түркия халқы сайлауды салтанатты түрде өткізіп, әлемге халықтық демократияның ең жақсы түрде қалыптасып, іске асырылғанын көрсетті",- деді.

Режеп Тайып Эрдоған да Түркиядағы сайлау үдерісіне ризалық білдіріп, Теһран-Анкара арасындағы саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынастарды дамытуға талпыныс жасайтынын қуаттады.