Сионистік режим Дамаск әуежайына зымыранмен шабуыл жасады
(last modified Tue, 26 Jun 2018 10:35:54 GMT )
Маусым 26, 2018 16:35 Asia/Almaty
  • Сионистік режим Дамаск әуежайына зымыранмен  шабуыл жасады

Сирия теледидары сейсенбі күні таңертең сионистік режимнің Дамаск әуежайына зымыранмен шабуыл жасағанын хабарлады.

Сирия теледидарының мәліметі бойынша, сионистік режимнің әскери ұшақтары дүйсенбі күні түнде Дамаск әуежайына бірнеше зымыранмен тағы шабуыл жасаған. Кейбір ақпарат құралдары Дамаск әуежайына жасалған зымырандық шабуылды растап, сириялық қорғаныс жүйелерінің зымырандарды әуежайға жетпей жарып жібергенін хабарлады.

Сирия армиясы сионистік режимнің шабуылдарына жауап ретінде Голан жоталарының басып алынған бөліміне зымыранмен шабуыл жасады.

 

 

Тегтер