2011 жылдан қазіргі таңға дейін Бахрейндегі азаптау құрбандарының саны 5000-нан асты
Бахрейннің "Ұлттық исламдық келісім қоғамы" (Al Wefaq) партиясы бұл елдегі бейбіт революцияның басталуынан қазіргі таңға дейін Халифе әулетінің абақтыларында 5000-нан астам адамның азапқа ұшырағанын хабарлады.
Mehr News ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Бахрейн режиміне қарсы ең ірі оппозициялық қозғалыс саналатын "Ұлттық исламдық келісім қоғамы" (Al Wefaq) партиясы өз мәлімдемесінде: "Бахрейн халқының 2011 жылдың ақпан айындағы ұлттық қозғалыс басталғаннан бүгінгі таңға дейін құрбандарды азаптаудың 5098 жайты анықталып, тіркелген",- деп мәлімдеді.
2011 жылдың ақпан айынан бір жыл бұрын Бахрейн түрмелеріндегі азаптау жайттарының саны 201 жағдайды құрады. "Ұлттық исламдық келісім қоғамы" (Al Wefaq) партиясының бұл мәлімдемесі маусымның жиырма алтысы – Дүниежүзілік азаптау құрбандарына қолдау көрсету күніне байланысты жарияланды.
"Ұлттық исламдық келісім қоғамы" (Al Wefaq) партиясы мәлімдемесінде Бахрейндегі саяси тұтқындарға жасалған азаптау түрлері мен адамгершілікке жатпайтын әрекеттерге сілтеме жасады. Ұрып-соғу, жыныстық зорлық, электр есеңгіреткішті пайдалану, ұзақ уақыт бойы түрегеп тұрған күйде ұстау, емделу мен ұйықтауға жол бермеу – Бахрейн абақтыларындағы азаптаулардың қатарын құрайды.
Мәлімдеменің соңында Бахрейдегі азаптаулар мен зорлық-зомбылық ісіне қатысты арнайы тергеу тобын құру қажеттігі қуатталды.