Йемен «Точка» зымыранын атып, саудиялық жалдамалылардың эл-Джауфтеге базасын жарды
Йеменнің әскері мен Ансаролла күштері сейсенбі күні эл-Джауф облысындағы әл-Хезм базасын «Точка» зымыранымен атқылады.
Йеменнің Al Masirah арнасының мәліметі бойынша, Йемен әскерінің зымырандық бірлігі мен Ансаролланың қарамағындағы халықтық комитеттер баллистикалық «Точка» зымыранын атып, әл-Джауфтегі саудиялық коалицияның қарулы күштерін нысанаға алды.
Al Masirah Йеменнің әскери көздерінің бірінің сөзіне сілтеме жасап: «Аталмыш зымыран нақты нысанаға алынған жерге түсіп, шапқыншылардың 70-тен астамын өлтіріп, жүзден астамын жарақаттады»,- деді.
Йеменнің әскери күштері мен Ансаролланың қарамағында халықтық комитеттер дүйсенбі таңертең Йеменнің биліктен кеткен президенті жақтастарының қарулы күштері жиналған мекен мен ән-Наср әскери базасын «Ғаһер-1» баллистикалық зымыранымен атып, жарып жіберді.