Нетаньяху Еуропаны Иранды қолдауды тоқтатуға шақырды
Сионистік режимнің премьер-министрі сейсенбі күні ИИР-на қарсы дұшпандық ұстанымын жалғастырып, еуропалық елдерден АҚШ санкция салып отырған жағдайда Иранды қолдауды тоқтатуды сұрады.
"Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Бениамин Нетаньяху Иранды лаңкестікті қолдайды деп айыптап: "Еуропа Иранды қолдауды тоқтатуы керек",- деді.
АҚШ Президенті Дональд Трамп мамырдың 8 күні Иранға қарсы негізсіз айыптарын қайталап, Вашингтонның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығып, алдағы алты айдың ішінде ядролық мәселеге қатысты санкциялардың қайтып оралатынын жариялаған болатын.
Нетаньяху әрқашан АҚШ пен Сауд режиміне қосылып, сионистік-саудиялық-америкалық қастықтарға қарсы тұрған Иранды аймақтың проблемаларының бір бөлігі ретінде таныстыруға әрекет жасауда.