Сауд Арабиясының Йемендегі жаңа қылмыстары әшкере болды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i38184
Қатардың "Халидж онлайн" базасы АҚШ Конгресінің барлау комиссиясына жақын кейбір дереккөздеріне сілтеме жасап, саудиялық шапқыншы коалиция күштерінің Йеменге қарсы соғыста, әсіресе әл-Ходейда портын бомбалауға сионистік режимде шығарылған қаруды пайдаланғанын туралы хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 08, 2018 15:06 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының Йемендегі жаңа қылмыстары әшкере болды

Қатардың "Халидж онлайн" базасы АҚШ Конгресінің барлау комиссиясына жақын кейбір дереккөздеріне сілтеме жасап, саудиялық шапқыншы коалиция күштерінің Йеменге қарсы соғыста, әсіресе әл-Ходейда портын бомбалауға сионистік режимде шығарылған қаруды пайдаланғанын туралы хабарлады.

ИРНА ақпарат агенттігінің сенбі күнгі мәліметі бойынша, есімін атауды қаламаған АҚШ Конгресінің брлау комиссиясындағы хабардар дереккөзі "Халидж онлайнға" берген сұхбатында: "Сауд Арабиясы израильдік қаруды пайдаланып, көптеген мақсаттарды, соның ішінде сол қаруларды сынақтан өткізу, олардың қирату күшін бағалау және адамның денесіне тигізетін әсерлерін бақылауды көздеп отыр",- деді.

Осы мәлімет бойынша, Сауд Арабиясының әуе күштері  израильдік қару сатып алу туралы хабардың таралуынан қорқып, қарулар АҚШ-та жасалған деп мәлімдеген.

2018-ші жылдың қаңтар айында швейцариялық газеттердің бірі Сауд Арабиясының Израильдің "Темір күмбез" атты зымырандық қорғаныс жүйесі мен басқа да әскери қару-жарақтарына ие болу бағытындағы талпыныстары туралы: "Рияд Тель-Авивтен бұл жүйелерді оған үшінші мемлекет арқылы жеткізуді сұрады",- деп жазған болатын.