Басып алынған жерлерде 17 өрт оқиғасы орын алған
Сионистік режимнің ақпарат құралдары сенбі күні палестиналықтардың өрт шығаратын батпырауықтарды лақтыруының нәтижесінде сионистер мекендейтін қалашықтардың егістіктерінде 17 өрт жайты орын алғанын хабарлады.
Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сионистік Yedioth Ahronoth газеті бұл режимнің өрт сөндіру қызметінің Газа секторы маңындағы сионистер мекендейтін қалашықтарда орын алған 17 өрт оқиғасын сөндіргенін жазды.
Наурыздың отызы Газа секторының шекаралық аймағында "Оралу құқығы" атты шеру басталғаннан бері басып алынған жерлерге қарай өрт шығаратын батпырауықтарды жіберу палестиналықтардың күресу және қарсыласу тәсілдерінің біріне айналған. Палестиналықтар осылайша сионист басқыншыларға ауыр шығын келтіріп жатыр.
Сионистердің ресми статистикалық мәліметтеріне сәйкес, "Оралу құқығы" шеруі басталғаннан бері Газаның айналасы деп аталатын аймақта 350 жерде өрт оқиғасы орын алған.