Сионистік режимнің қырғи ұшағы Сирияның әскери әуебазасына шабуыл жасады
(last modified Mon, 09 Jul 2018 13:22:54 GMT )
Шіл 09, 2018 19:22 Asia/Almaty
  • Сионистік режимнің қырғи ұшағы Сирияның әскери әуебазасына шабуыл жасады

SANA ақпарат агенттігі сионистік режимнің қырғи ұшағының Сирияның Хомс облысында орналасқан (Т4) әуе базасына шабуыл жасағанын хабарлады.

ИРНА ақпарат агенттігінің дүйсенбі күнгі таңертең хабарлауы бойынша, SANA ақпарат агенттігі Сирия әскерінің қорғаныс жүйелерінің шабуылға қарсы күрескенін мәлімдеді.

Осы мәліметке сәйкес, изарильдік қырғи ұшақтың сәтсіз шабуылының жалғасында T4 әуебазасының айналасына 4-6 зымыран түсіп, тек шектеулі ғана материалдық шығын келтірілген.

Сирия Қорғаныс министрлігіндегі бір әскери ақпарат көзі сионистік режим әскерінің Сирия әскерінің әуебазасына жасаған шабуылы барысында басқыншы дұшпанның бірнеше зымыраны құлатылып, бір қырғи ұшақтың әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері арқылы нысанаға алынғанын хабарлады.

Нысанаға алынған қырғи ұшақтың құлаған мекені әлі белгісіз. Бірақ сионистік режимнің басқа қырғи ұшақтары Сириядан қашуға мәжбүр болған.

 

Тегтер