Йемендіктер АҚШ-тың өз қылмысын Иранға таңу әрекетіне жауап қайтарды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i38203
Йеменнің Жоғары революциялық кеңесінің басшысы: "Егер АҚШ Иранның Йеменге баллистикалық зымырандар бергені туралы өз уәждерін дәлелдейтін жеткілікті айғақтар мен құжаттар келтірсе, голливудтық көрсетілім қоюдың қажеті болмайды",- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 09, 2018 19:53 Asia/Almaty
  • Йемендіктер АҚШ-тың өз қылмысын Иранға таңу әрекетіне жауап қайтарды

Йеменнің Жоғары революциялық кеңесінің басшысы: "Егер АҚШ Иранның Йеменге баллистикалық зымырандар бергені туралы өз уәждерін дәлелдейтін жеткілікті айғақтар мен құжаттар келтірсе, голливудтық көрсетілім қоюдың қажеті болмайды",- деді.

АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Никки Хейли 2017 жылы желтоқсанның он төрті күні Вашингтонның Йеменнің мазлұм халқын бомбалау үшін Сауд Арабиясын қару-жарақпен қамтамасыз етуіне тоқталмастан, темірдің сынықтарын көрсетіп, Йеменнің Ансаролла қозғалысының Риядқа шабуыл жасауы үшін Иран баллистикалық зымырандармен қамтамасыз етті деген уәж айтқан болатын.

Mehr News ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі мәліметіне сәйкес, Мұхаммад Әли әл-Хуси ресейлік Sputnik ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Басқыншы саудиялық коалиция Йеменге жасаған басқыншылығын ақтау үшін ирандық зымырандарға қатысты қауесеттерді пайдаланып отыр. АҚШ та Йеменге қарсы соғысты ақтау мақсатында ақпарат құралдарындағы үгіт-насихат соғысына бет бұрған. АҚШ-тың қауесеттерді таратуының мақсаты елінің Йемен халқына қарсы жасалып жатқан қылмыстарға атсалысқанын жасыру болып табылады",- деді.