Амир Абдоллахиан Сирияның Дера қаласының азат етілуімен құттықтады
(last modified Fri, 13 Jul 2018 18:20:39 GMT )
Шіл 14, 2018 00:20 Asia/Almaty
  • Амир Абдоллахиан Сирияның Дера қаласының азат етілуімен құттықтады

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі Сирияның оңтүстігіндегі Дера шекара қаласының азат етілуімен құттықтады.

 

Сирия армиясы бейсенбі күні елдің оңтүстігіндегі Дера облысының орталығы Дера қаласында кіріп, қаланың ғимараттарының төбесіне Сирияның туын тікті. Сирия армиясының елдің оңтүстігіндегі лаңкестік топтарға қарсы әрекеттері маусым айының соңында үш жақтан басталып, ондаған қалашықтар мен ауылдардың босатылуына себеп болды.

Сирия дағдарысы 2011-ші жылы Сауд Арабиясы, АҚШ пен солардың одақтастарының қолдауына ие лаңкестік топтардың аймақ теңгерімін сионистік режимнің мүддесіне өзгерту мақсатын көздеген шабуылдарымен басталды. Бірақ, Сирия армиясы мен халқының жанкештілігінің арқасында дұшпанның қастықтары сәтсіздікке ұшырады.

 

 

Тегтер