UNRWA-ның баспасөз хатшысы: Газа үлкен абақтыға айналды
БҰҰ-ның палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмысты ұйымдастыру жөніндегі таяушығыстық агенттігінің (UNRWA) баспасөз хатшысы: "Газа ішінде тұрақтылығы жоқ үлкен абақтыға айналды. Бұл аймақ халқының айырылатын нәрсесі жоқ",- деді.
Аднан Абухасане сионистік режимнің «Едио́т ахроно́т» газетіне берген сұхбатында: "Газа халқы соңғы айларда халықаралық қоғамның назарына алынған қираған экономикамен бетпе-бет келіп отыр. 2014-шы жылғы Газадағы 50 күндік соғыстың қирандылары осы уақытқа дейін қайта құрылмады. Газа секторының екі миллион халқының 50 пайызы жұмыссыз, жекеменшік бөлімі іс жүзінде жұмыс істемейді. UNRWA-ның Газа халқына азық-түлікпен көмектесетіндей ешбір ақшасы жоқ. Сондықтан аймақтың жағдайы нашарлай түсті",- деді.