Сионистік режим Газа секторының шығысына әуеден шабуыл жасады
(last modified Sun, 15 Jul 2018 16:55:56 GMT )
Шіл 15, 2018 22:55 Asia/Almaty
  • Сионистік режим Газа секторының шығысына әуеден шабуыл жасады

Атысты тоқтату бітіміне қарамастан сионистік режимнің қырғи ұшақтары жексенбі күні таңертең Газа секторындағы Палестина қарсыласу қозғалысының бір базасын бомбалады.

ISNA ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы (ХАМАС) аймақтық және халықаралық бітімгерлер Қарсыласу тобы мен Құдсты басып алушы әскер арасында атысты тоқтату бітіміне қол жеткізілгені туралы хабарлаған жағдайда сионистік режим оны бұзды.

Осы хабарламаға сәйкес, сионистік режимнің тыңшылық ұшақтары Газа секторында орналасқан Қарсыласу қозғалысы позицияларының базасын бомбалаған.

Сионистік режим Әскерінің Бірлескен штабының қолбасшысы Гади Изенкот пен осы режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху сенбі күні Израильдің жауапты тұлғаларының Газа секторындағы жағдайды талқылау жөніндегі отырысының соңында Газа секторына қарсы шабуылдар мен бомбалау әрекеттерін күшейтуге бұйрық берген болатын.

Сионистік режимнің қырғи ұшақтары сенбі күні таңертеңнен бастап Газа секторындағы нысандарды 80 реттен астам бомбалады. Осындай бір шабуыл кезінде әл-Катиба алаңындағы қоғамдық кітапхананың ғимараты мен оның жанындағы саябақ нысанаға алынып, соның салдарынан екі бала шәһид болып, кемінде 15 палестиналық тұрғын жарақат алды.