Ирандық кеңесшілер Сирияда ел үкіметінің өтінішімен қызмет етуде
(last modified Tue, 17 Jul 2018 16:47:32 GMT )
Шіл 17, 2018 22:47 Asia/Almaty
  • Ирандық кеңесшілер Сирияда ел үкіметінің өтінішімен қызмет етуде

Ресей президентінің Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі дүйсенбі күні кешке ирандық кеңесшілердің Сирияда осы ел үкіметінің өтінішімен қызмет етіп жатқанын баса айтты.

Fars News ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Александр Лаврентьев сондай-ақ ирандық күштердің Сирияның оңтүстігінде орналаспағанын айтып: "Бұл аймақтағы ДАИШ және "ан-Носрат" майданы топтарынан басқа лаңкестік топтар Сирия үкіметімен ымыраға келуді сұрады", - деп мәлімдеді.

Ресей СІМ орынбасары және РФ президентінің Таяу Шығыс істері жөніндегі арнайы өкілі Михаил Богданов та жуырда ирандық кеңесшілердің Сирия үкіметінің өтінішімен бұл елде құзыр тапқанын, ирандық кеңесшілердің Сирияға лаңкестермен күресуде көмектесіп жатқанын айтты.

 

Тегтер