Aramco компаниясына жасаған шабуыл – саудиялық коалициямен шайқастағы өзгеріс
https://itolqyn.com/news/west_asia-i38318
Йемен Әскерінің баспасөз хатшысы Йеменнің Сауд Арабиясының Aramco мұнай компаниясына ұшқышсыз ұшақ арқылы жасалған зымырандық әуе шабуылдарынан кейін ұшқышсыз ұшақ арқылы жасалған әскери амалдарды дұшпандармен шайқастағы түбегейлі өзгеріс деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 19, 2018 14:09 Asia/Almaty
  • Aramco компаниясына жасаған шабуыл – саудиялық коалициямен шайқастағы өзгеріс

Йемен Әскерінің баспасөз хатшысы Йеменнің Сауд Арабиясының Aramco мұнай компаниясына ұшқышсыз ұшақ арқылы жасалған зымырандық әуе шабуылдарынан кейін ұшқышсыз ұшақ арқылы жасалған әскери амалдарды дұшпандармен шайқастағы түбегейлі өзгеріс деп атады.

Йемен Әскерінің баспасөз хатшысы Шараф Лұқман сәрсенбі күні кешке: "Сауд Арабиясының Aramco ұлттық мұнай компаниясына қарсы зымырандық шабуылдың сәтті өтуі дұшпандармен шайқастағы жаңа кезеңнің басталуы саналады. Жуырда Йемен Әскері мен халықтық комитеттерінің жаңа тежегіш кезеңдегі дрондық-зымырандық таңқалдырарлық операцияларына куә боламыз",- деді.

Йемен Әскері Әуе күштерінің ақпарат өкілі Абдулла Хасан әл-Джафари ливандық Al Mayadeen арнасына берген сұхбатында: "Сәрсенбі күнгі ұшқышсыз ұшақ арқылы жасалған әскери операциялар кезінде Aramco мұнай компаниясы нысанаға алынып, нәтижесінде өртке оранды",-деді.

Йемен Әскері мен халықтық комиеттерінің ұшқышсыз ұшақты басқару бөлімі сәрсенбі күні ұзақ қашықтыққа арналған Sammad-2 ұшқышсыз ұшақтары арқылы Сауд Арабиясының астанасында орналасқан Aramco ірі мұнай компаниясын нысанаға алды.

Бұл – Йемен Әскерінің ұзақ қашықтыққа арналған Sammad-2 ұшқышсыз ұшақтарын Сауд Арабиясында орналасқан алыстағы нысандарға қарсы алғаш рет қолдануы.