Сионистік режимнің премьер-министрі сандырақтарын жалғастыруда
(last modified Fri, 20 Jul 2018 13:58:30 GMT )
Шіл 20, 2018 19:58 Asia/Almaty
  • Сионистік режимнің премьер-министрі сандырақтарын жалғастыруда

Сионистік режимнің премьер-министрі бейсенбі күні ИИР-на қарсы бос уәждерін тағы қайталады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Беньямин Нетаньяху басып алынған Палестинада Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанмен өткізген ортақ баспасөз конференциясында Иран Ислам Республикасын Еуропа мен әлем үшін ең үлкен қауіп деп атады.

Нетаньяху мұның алдында айтқан сөзінде Иранды Таяу Шығыс аймағында орын алып жатқан тұрақсыздықтардың басым бөлігіне жауапты деп атап: «ИИР лаңкестерге қолдау көрсетеді» деген уәж айтты.

Иран Ирак пен Сириядағы АҚШ, Израиль және олардың одақтастары қолдау көрсетіп отырған лаңкестермен күресу үшін осы елдердің ресми өтінішімен оларға әскери салада кеңесшілік тұрғыдан көмек көрсетуде. Бұл әрекетке Трамп пен Нетаньяху мүлдем қарсы.