ХАМАС: Өзімізді қорғауға хақымыз бар
(last modified Sat, 21 Jul 2018 08:56:42 GMT )
Шіл 21, 2018 14:56 Asia/Almaty
  • ХАМАС: Өзімізді қорғауға хақымыз бар

Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы (ХАМАС) сенбі күні таңертең мәлімдеме жариялап, сионистік режимнің басқыншылықтарына қарсы өзін қорғау құқығына ие екендіктерін баса айтты.

Fars News ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ХАМАС бұл мәлімдемеде Қарсыласу қозғалысының ұлттық міндетінің халықтың мүдделерін қорғау және бомбалауға бомбалаумен, ал мергендердің атысына дәл солай жауап қайтарылатын тежегіш күрес үшін теңгерім құру болып табылатынын баса айтқан.

ХАМАС-тың бұл мәлімдемесі сионистік режим қырғи ұшақтарының жұма күні кешке Газа секторын зымыран арқылы нысанаға алғаннан кейін жарияланды.

Палестиналық ақпарат көздері сионистік режим қырғи ұшақтарының Палестина қарсыласу қозғалысы күштерін Газа секторында бомбалағанын хабарлады.

Палестиналық мергендер жұма күні Газа секторының халқына қарсы оқ жаудырып жатқан сионистік режим әскерилерінің бірін Газа секторының орталығында нысанаға алды. Бұл сионистік әскери бірнеше сағат өткен соң ауруханада жан тапсырған.

Сонымен қатар, жұма күні төрт палестиналық азамат "Оралу құқығы" атты бейбіт шеру кезінде сионистік әскерилердің оқ атуы салдарынан шәһид болып, 120 адам  жарақат алды.