Ирактағы наразылықтар кезінде 1 адам шәһид болып, 41 адам жараланған
(last modified Sat, 21 Jul 2018 09:12:45 GMT )
Шіл 21, 2018 15:12 Asia/Almaty
  • Ирактағы наразылықтар кезінде 1 адам шәһид болып, 41 адам жараланған

Ирактың астанасы Бағдад пен осы елдің бірнеше облысында жұма күні орын алған наразылық шерулері кезінде бір адам шәһид болып, жараланған.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ирактың Денсаулық сақтау министрлігі сенбі күні таңертең жұма күні Бағдад, Зиқар және Қадисия облыстарында орын алған наразылық шерулері кезінде кемінде бір адам қаза болып, 41 адамның жараланғанын мәлімдеді.

Ирактың оңтүстік және орталық облыстары соңғы күндері Ирак жастарының жұмыссыздығы мен нашар қызмет көрсетуге байланысты жаппай наразылық шерулеріне куә болды.

Халықтық наразылықтардың етек жаюының жалғасында Ирак премьер-министрі Хейдар әл-Абади жеті тармақтан тұратын жарлығында Ирак халқының өтініштері мен қиындықтарын тез арада қарастырып, шешуді бұйырды.

Бұл бұйрық 3,5 триллион динар көлемінде қаражат бөлу, суды тазарту және тұщыландыру арқылы халықты ауыз сумен қамтамасыз етуді, электр жүйесінің қиындықтарын шешуді, денсаулық сақтау және емдеу саласындағы қызметтермен қамтамасыз ету мен халыққа қызмет көрсетуге қатысты бірнеше шешімді қамтиды.

Ирактың кейбір жауапты тұлғаларының айтуы бойынша Сауд Арабиясының барлау органы мен таратылған БААС партиясы АҚШ-тың жасыл түсті белгі беруімен Ирактың оңтүстігі мен орталығындағы халқын наразылық ұйымдастыруға тарту үшін талпыныс жасап жатыр.

 

 

 

Тегтер