Арабстанның Сириядағы лаңкестік топтарға қолдау көрсеткені туралы құжаттар жарияланды
(last modified Sat, 21 Jul 2018 10:15:47 GMT )
Шіл 21, 2018 16:15 Asia/Almaty
  • Арабстанның Сириядағы лаңкестік топтарға қолдау көрсеткені туралы құжаттар жарияланды

Ұлыбританиялық The Independent газеті жұма күні Сауд Арабиясының Сириядағы лаңкестік топтарды қару-жарақпен қамтамасыз еткенін дәлелдейтін құжаттарды жариялады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, The Independent газеті тарапынан жарияланған жаңа құжаттарға сәйкес, Сауд Арабиясы Босния мен Герцеговина, Сербия, Болгария және АҚШ-тан қару сатып алып, оларды Сириядағы лаңкестік топтарға, соның ішінде ДАИШ тобына ұсынған.

Келісімге сәйкес, қару-жарақ Риядқа сатылып, тек Сауд Арабиясының әскеріне пайдалануға берілуі тиіс болған.

The Independent газетінің тілшісі Роберт Фиск қару-жарақ сатып алу және оларды лаңкестік топқа жіберу туралы құжаттарды Сириядағы лаңкестердің қираған штаб-пәтерлерінен тапқан.

Сириядағы дағдарыс 2011 жылы Сауд Арабиясы, АҚШ пен одақтастарының сионистік режимнің мүддесіне орай аймақтағы теңгерімді өзгерту мақсатында демеушілік жасап жатқан лаңкестік топтардың басқыншылық әрекеттерімен басталды.

 

Тегтер