Нетаньяху Израильдің "Ақ қалпақтылар" тобының Сириядан қашуына қатыстылығын мойындады
(last modified Mon, 23 Jul 2018 14:48:24 GMT )
Шіл 23, 2018 20:48 Asia/Almaty
  • Нетаньяху Израильдің

Сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху бұл режимнің "Ақ қалпақтылар" тобының жүздеген мүшесінің Сириядан қашу ісіне қатысты болғанын мойындады.

Сирияның лаңкестердің қолынан азат етілген аймақтарында осы ел әскері тарапынан табылған көптеген құжаттар "Ақ қалпақтылар" тобының лаңкестерге қолдау көрсетіп отырғанын дәлелдеп отыр.

Осы құжаттарға сәйкес, "Ақ қалпақтылар" тобы "Таһрир аш-Шам" ("ан-Носрат" майданы") атты лаңкестік топ арқылы Сирияның бейбіт тұрғындарына қарсы химиялық қару қолданған.

Rai al-Youm газетінің мәліметі бойынша, Беньямин Нетаньяху "Ақ қалпақтылар" тобының жүздеген мүшесін Сириядан қашыру туралы келісімнің егжей-тегжейін әшкере етіп: "Израиль АҚШ, Канада және Еуропа елдерінің өтінішімен аталмыш топ мүшелері мен олардың отбасыларын Голан жоталарынан қашыру әрекеттерін жүзеге асырды",- деп мәлімдеді.

Израиль әскері де жексенбі күні жариялаған мәлімдемесінде бұл істің егжей-тегжейіне тоқталмастан, "Ақ қалпақтылар" тобы күштерін бір көршілес елге көшіру операцияларын жүзеге асырғанын растады.

 

 

Тегтер