Рияд "Хусилер ирандық зымырандармен Сауд Арабиясын нысанаға алуда" деген уәж айтты
https://itolqyn.com/news/west_asia-i38401-Рияд_Хусилер_ирандық_зымырандармен_Сауд_Арабиясын_нысанаға_алуда_деген_уәж_айтты
БҰҰ-дағы Сауд Арабиясының тұрақты өкілі Абдолла әл-Муаллеми Қауіпсіздік кеңесінің Таяу Шығыс, әсіресе Газа мен Голан жоталары жағдайын талқыға салып: "Хусилер Иранда жасалған зымырандармен Сауд Арабиясын нысанаға алып, бейбітшілік пен ұлттық татуластық орнату саласындағы талпыныстарды нәтижеге жеткізбей отыр",- деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 25, 2018 14:55 Asia/Almaty
  • Рияд

БҰҰ-дағы Сауд Арабиясының тұрақты өкілі Абдолла әл-Муаллеми Қауіпсіздік кеңесінің Таяу Шығыс, әсіресе Газа мен Голан жоталары жағдайын талқыға салып: "Хусилер Иранда жасалған зымырандармен Сауд Арабиясын нысанаға алып, бейбітшілік пен ұлттық татуластық орнату саласындағы талпыныстарды нәтижеге жеткізбей отыр",- деді.

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, әл-Муаллеми Йемендегі саудиялық коалицияның қылмыстарына назар аудармастан йемендіктердің құтқарылуын хусилердің (Ансаролланың) қолын қысқарту арқылы мүмкін деген уәж айтты.

Сауд Арабиясы  мен одақтастарының Йеменге қарсы соғысында осы уақытқа дейін 4 мыңнан астам йемендік қаза болып, 10 мыңнан астамы жарақат алып, миллиондаған адам босқынға айналды.