Лаңкестердің Сириядағы қылмыстары күшейді
(last modified Fri, 27 Jul 2018 16:09:58 GMT )
Шіл 27, 2018 22:09 Asia/Almaty
  • Лаңкестердің Сириядағы қылмыстары күшейді

Сирияның оңтүстігіндегі әс-Сувайда облысының Денсаулық сақтау департаментінің басшысы "ДАИШ лаңкестік тобының сәрсенбі күні осы облысқа жасаған шабуылдарында 215 азамат қаза тауып, 180 адам жараланғанын хабарлады.

Сәрсенбі күні бір лаңкес Сирияның оңтүстігіндегі әс-Сувайда қаласының орталығында жеміс-жидек базарында өзін-өзі жарып жіберді. Басқа екі лаңкес бомба қойылған белбеулерін жарып жібермес бұрын қауіпсіздік күштері тарапынан осы қаланың әл-Маслах ауданында өлтірілді. Сирия армиясы соңғы апталарда елдің оңтүстігіндегі өңірлерді азат ету үшін ауқымды амалдарды бастады. Осы күнге дейін өңірдің 90 пайызы лаңкестерден тазартылды. Батыстың үстемшіл үкіметтері мен сионистік режимнің лаңкестерге үдемелі қолдау көрсетуімен бір мезгілде олардың Сириядағы қылмыстарының күшеюі лаңкестік топтарды қайта жандандыруға бағытталған әрекеттердің жаңа кезеңінің басталғанын білдіреді.  Лаңкестік топтар Батыс елдері үшін өздерінің саяси мақсаттарына жетудің құралы болып табылады. Бұл салада Фуад әл-Вади Сирияның "әс-Суре" атты газетінде жариялаған мақаласында лаңкестердің өз әскери жеңілістерін саяси жеңістерге айналдыруға талпыныс жасап жатқанына сараптама жасап, лаңкестердің осы мақсаттарда да сәтсіздікке ұшырағанын қуаттады. Соңғы айларда Сирияда ауыр жеңілістерге ұшыраған тәкфиршіл лаңкестер үрей мен қорқынышты үдету арқылы өздерінше күш көрсеткісі келеді. Олар осылайша қоғамдық пікірді өздерінің Сирияның оңтүстігіндегі стратегиялық жеңілістерінен кейін үдей түскен сәтсіздіктерінен алдарқатуды көздейді. Сирия армиясының жойқын соққысы Батыс елдері, араб билеушілері мен сионистік режимнің қолдауына ие болып отырған бұл елдегі лаңкестердің позициясын қатты әлсіретіп жіберді. Бұл мәселе лаңкестердің одан ары күйзеле түсуіне соқтырды. Лаңкестердің соқыр шабуылдарының артуын осы аяда бағалауға болады. Лаңкестер ауқымды түрде жеңіліс тауып, Сирия жерінің басым бөлігі лаңкестерден тазартылғаннан кейін іс жүзінде лаңкестердің рухтары әлсіреп, соғыс алаңында абдырап қалды. Бұл лаңкестердің жағдайының мүшкіл екенін, толығымен жеңіліс алдында тұрғанын білдіреді. Мұндай жағдай лаңкестердің басшылары мен олардың демеушілерін қатты қорқытты. Осындай жағдайда лаңкестер өз шабуылдарын үдетіп, қазіргі қиын жағдайдан шығудың жолын іздестіруде.  Бұл жағдай лаңкестердің демеушілерін де әуре-сарсаңға салды. Олар саяси кеңестер өткізіп, көбірек әскери араласушылықтар жасап, лаңкестерге көмектесуге асықты. Осындай жағдайда лаңкестерді демеушілердің Сирияға әскери басқыншылықтарының ауқымы кеңейе түсті. Лаңкестерге қарсы амалдар барысында сионистік режимнің сириялық қырғи ұшақтар мен Сирия армиясы орналасқан орталықтарды нысанаға алуы бұл режимнің лаңкестікті қаншалықты қолдап отырғанын көрсетеді. Лаңкестердің қылмыстарының күшеюі қандай себептермен орын алса да, мұндай топтардың адамзат қоғамына орасан зор қатер төндіретінін көрсетеді. Мұндай жағдайда халықаралық қауымдастық лаңкестердің әрекеттерін геноцид деп атап, Сирияның лаңкестікке қарсы күресін қолдаумен қатар, лаңкестік топтар мен олардың демеушілеріне халықаралық қысымды арттыра алады. Бұл топтар әлемдік бейбітшілік пен тұрақтылықты нысанаға алып, Батыс пен сионистік режимнің қолдауы аясында өздерінің адамзатқа қарсы әрекеттерінің қанқұйлы ауқымын кеңейтіп отыр.

 

Тегтер