Саудиялық қырғи ұшақтар Йеменге ауқымды шабуыл жасады
Йемендік ақпарат көздері жексенбі күні саудиялық режим қырғи ұшақтарының Йеменнің Сана, әл-Ходейде және әл-Бейда облыстарының түрлі аудандарын бірнеше рет бомбалағанын хабарлады.
Шабуылдар кезінде Йемен халқының бір тобы шәһид болып, жараланды. Йемен Әскері мен халықтық күштері де бұл елдің оңтүстігіндегі әскери амалдар барысында бірқатар саудиялық басқыншыларды өлтірді. Йеменнің "Ансаролла" қозғалысының ақпарат өкілі Мұхаммад Абдулислам: "Көптеген саудиялық басқыншылар тұтқындалды. Алайда, Сауд Арабиясы олардың тағдыры үшін алаңдап отырған жоқ. Саудиялық колация үшін Йеменмен соғыс көп шығын келтіреді",- деді.
Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің АҚШ-тың көмегімен 2015 жылдың наурыз айынан бері бастаған соғысы салдарынан осы уақытқа дейін он мыңдаған йемендік қаза болып, жараланды. Сондай-ақ, бұл ел азық-түлік пен дәрі-дәрмек тапшылығы және тырысқақ аурының таралуы секілді қиындықтарға ұшырап отыр.