Ердоған АҚШ-тың Иранға санкция салу саясатының нәтижесіз екенін баса айтты
(last modified Mon, 30 Jul 2018 17:07:06 GMT )
Шіл 30, 2018 23:07 Asia/Almaty
  • Ердоған АҚШ-тың Иранға санкция салу саясатының нәтижесіз екенін баса айтты

Түркия президенті АҚШ басшыларының бұл елдің ИИР-на қарсы санкциялары мен қысымдарының әсері жайлы ойларын қате деп атады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, Режеп Тайып Ердоған жексенбі күні тілшілердің алдында сөйлеген сөзінде: "ИИР-на қарсы артып жатқан санкциялар мен қысымдар бұл елге әсер етпейді. Сондықтан АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің Иранға қатысты қатынасы мен әдісін өзгертуі тиіс",- деп мәлімдеді.

Ердоған АҚШ басшыларының Түркияның Измир қаласындағы америкалық шіркеу қызметшісі Эндрю Бронсонды Гюлен тобымен байланыста болды деген айыппен үй қамауына алынуына қатысты Түркияға қарсы жуырда жасаған қоқан-лоққылары жайлы: "АҚШ Түркияның Сот үкіміне құрмет көрсетіп, бұл мәселені Түркияға қарсы санкция жариялау ісіне айналдырмауы тиіс",- деп баса айтты.