Түркия: АҚШ-тың санкциялары жауапсыз қалмайды
Мевлют Чавушоғлы сәрсенбі күні кешке Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеме жасап, АҚШ-тың Түркия қайраткерлеріне бұл елде америкалық шіркеу қызметкері қамауға алынғаны үшін санкция салуын қатты айыптап: "АҚШ-тың Түркияға салған санкциялары жауапсыз қалмайды",-деп жазды.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ-тың Қаржы министрлігі мәлімдеме жариялап, Түркияның Әділет министрі Абдулхамит Гюл мен Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлуды шіркеу қызметкері Бронсонға қатысты істе адам құқығына қарсы әрекет етті деп айыптап, санкциялар тізіміне енгізді.
Түркия үкіметі Эндрю Бронсонды 2016 жылдың қазан айында лаңкестік әрекет жасады және Фетхулла Гюленнің ұйымымен байланыста болды деген айыппен қамауға алды.