Сирияның қорғаныс күштері Израильдің үш зымыраны мен екі ұшқышсыз ұшағын құлатты
(last modified Fri, 03 Aug 2018 16:05:32 GMT )
Там 03, 2018 22:05 Asia/Almaty
  • Сирияның қорғаныс күштері Израильдің үш зымыраны мен екі ұшқышсыз ұшағын құлатты

Ресейдің Sputnik ақпарат агенттігі жұма күні таңертең Сирияның Әуе шабылына қарсы қорғаныс күштерінің осы елдің астанасы Дамаск қаласының төңірегінде сионистік режимнің үш зымыраны мен екі ұшқышсыз ұшағын құлатқанын хабарлады.

Sputnik ақпарат агенттігі бір сириялық дереккөзге сілтеме жасап, Дамасктің оңтүстігінде екі зымыранның, Дамасктің солтүстік-батысында тағы бір зымыранның анықталып, жойылғанын хабарлады.

Sputnik ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Сирияның Әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері сионистік режимнің екі тыңшылық ұшқышсыз ұшағын Дамасктің батыс бөлігінде құлатқан.

Сионистік режимнің соңғы апталарда Сирияға қарсы шабуылдары күшейе түсті.

Израиль Сириядағы лаңкестердің жеңіліс табуына қатты алаңдап отыр.

 

 

 

 

Тегтер