Гаарец: Сауд Арабиясы Йемендегі жалдамалыларына айына 5 млрд доллар төлейді
Там 04, 2018 21:07 Asia/Almaty
Израильдің "Гаарец" газеті: "Сауд Арабиясы Йеменмен соғыста өзінің Оңтүстік Америка және Африкадан келген жалдамалыларына айына 5 млрд доллар төлейді",-деп жазды.
Израильдің "Гаарец" газеті: "Сауд Арабиясы ең дамыған америкалық қару-жарақтарға ие болып, АҚШ-тан құнды ақпарат алып отырса да, Йемен соғысы ұзаққа созылып барады",-деді.
Израильдің бұл газеті саудиялық коалицияның Йемендегі соғысы ауырлап, осы коалицияның уәждеріне керісінше Йеменнің отставкаға кеткен Президенті Абд Раббе Мансур Хадидің әлі қашып жүргеніне тоқталып, Сауд Арабиясының осы уақытқа дейін Йеменнің оңтүстігіндегі "әл-Каида" тобының базаларына қарсы шабуыл жасамағанын мойындады.
Тегтер