Саудиялық қырғи ұшақтар Йеменнің Сада және әл-Ходейда облыстарына шабуыл жасады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i38555-Саудиялық_қырғи_ұшақтар_Йеменнің_Сада_және_әл_Ходейда_облыстарына_шабуыл_жасады
Басқыншы саудиялық коалицияның қырғи ұшақтары Йемендегі қылмыстарының жалғасында Сада және әл-Ходейда облыстарын бомбалады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 06, 2018 22:21 Asia/Almaty
  • Саудиялық қырғи ұшақтар Йеменнің Сада және әл-Ходейда облыстарына  шабуыл жасады

Басқыншы саудиялық коалицияның қырғи ұшақтары Йемендегі қылмыстарының жалғасында Сада және әл-Ходейда облыстарын бомбалады.

Mehr ақпарат агенттігінің Al Masirah телеарнасына сілтеме жасап хабарлауынша, йемендік ақпарат көздері: "Әл-Ходейда облысының әл-Зубайд ауданы бірнеше рет басқыншы саудиялық қырғи ұшақтардың шабуылдарының нысанасына алынды", - деп мәлімдеді.

Басқыншы саудиялық коалиция бейсенбі күні кешке Йеменнің батысындағы әл-Ходейда қаласында орналасқа әл-Таура ауруханасы мен балық базарын бомбалады. Сол оқиға салдарынан кемінде 60 йемендік азамат қаза болып, 100-ден астам адам жарақат алдыі. Сауд Арабиясы мен одақтастарының Йемендегі соғысы 14 000-нан астам йемендіктің қаза болып, он мыңдаған адамның жараланып, миллондаған йемендіктің босқынға айналуына соқтырды.