Сионистік режимнің Газа секторының солтүстігіне жасаған шабуылы кезінде екі палестиналық шәһид болды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i38575-Сионистік_режимнің_Газа_секторының_солтүстігіне_жасаған_шабуылы_кезінде_екі_палестиналық_шәһид_болды
Сионистік режим әскерінің ұшқышсыз ұшақтары мен артиллериясы сейсенбі күні Газа секторының солтүстігіне шабуыл жасады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 07, 2018 20:41 Asia/Almaty
  • Сионистік режимнің Газа секторының солтүстігіне жасаған шабуылы кезінде екі палестиналық шәһид болды

Сионистік режим әскерінің ұшқышсыз ұшақтары мен артиллериясы сейсенбі күні Газа секторының солтүстігіне шабуыл жасады.

Бұл шабуыл салдарынан "Ғиссам" батальондарының екі жауынгері шәһид болып, бірнеше адам жарақат алған. Сионистік режимнің қырғи ұшақтары дүйсенбі күні кешке де Газа секторының солтүстігіне шабуыл жасаған болатын.

Сионистік режим 2006 жылдан бастап Газа секторын қоршауға алып, содан бері жалған сылтаулармен Газа секторының тұрғындарына шабуыл жасап келеді. Соның салдарынан қазірге дейін мыңдаған палестиналық шәһид болып, жараланды.