ХАМАС: Шабуылдың жауабы – шабуыл
https://itolqyn.com/news/west_asia-i38595-ХАМАС_Шабуылдың_жауабы_шабуыл
Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС пен Палестинаның исламдық джихад қозғалысының әскери тармағы Құдс батальондары бейсенбі күні таңертең жеке-жеке мәлімдеме жариялап, сионистік режимнің басқыншылықтарына қарсы өздерін қорғауға құқылы екендіктерін қуаттады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 09, 2018 15:12 Asia/Almaty
  • ХАМАС: Шабуылдың жауабы – шабуыл

Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС пен Палестинаның исламдық джихад қозғалысының әскери тармағы Құдс батальондары бейсенбі күні таңертең жеке-жеке мәлімдеме жариялап, сионистік режимнің басқыншылықтарына қарсы өздерін қорғауға құқылы екендіктерін қуаттады.

Сионистік режимнің қырғи ұшақтары соңғы бірнеше сағатта бірнеше рет Газа секторының солтүстігіндегі Бейт-Лахия, оңтүстігіндегі Хан-Юнес, орталығындағы Дейр әл-Балх және батысындағы жағалау полициясының бір бөлімшесін бомбалады. Осы уақытқа дейін 3 палестиналық, соның ішінде бір жүкті әйел мен кішкентай қыз шәһид болып, 12 адамнан астамы жараланды.

Палестинаның қарсыласу күштері шабуылдарға реакцияларында 100-ден астам зымыранды сионистік қалашықтарға қарай атты.

Жергілікті ақпарат көздері әлі күнге дейін Газа секторының айналасындағы сионистік қалашықтарда зымырандық шабуыл жайлы ескертетін дабылдың толастамағанын, сионистердің қорқып, бункерлерге қашып кеткенін хабарлады.