Нетаньяху Израильге қауіп төніп тұрғанын мойындады
(last modified Mon, 13 Aug 2018 14:24:07 GMT )
Там 13, 2018 20:24 Asia/Almaty
  • Нетаньяху Израильге қауіп төніп тұрғанын мойындады

Сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху жексенбі күні "Еврей елі" заңына қарсы шерулерде Палестинаны азат ету ұйымы туының Тель-Авивтың орталығында тігілгеніне тоқталып, Израильге қауіп төніп тұрғанын мойындады.

"Russia Today" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  1948 жылы басып алынған Палестина жерлерінің мыңдаған тұрғыны сенбі күні кешке Тель-Авив қаласында "Еврей елі" заңына қарсы шеру өткізді.

Шерушілер қолдарына Палестинаның туын ұстап шығып, ұрандатып, "Еврей елі" заңын жоюды талап етті.

Сионистік режимнің Кнессеті 19 шілдеде басып алынған Палестинаның бүкіл жерін сионистердікі деп жариялайтын, палестиналықтарды барлық азаматтық және адами құқықтарынан айыратын "Еврей елі" заңын бекітті.