Насролла: 33 күндік соғыс АҚШ-тың аймақта үстемдік орнату мақсатын көздеді
Ливан Хезболласының бас хатшысы сейсенбі күні кешке Қарсыласу қозғалысының 33 күндік соғыстағы жеңісінің 12-ші жылдығына орай өткен рәсімде 2006 жылғы соғыстың АҚШ-тың аймақта үстемдік орнату мақсатында орын алғанын баса айтып: "Америкалықтар мен сионистер бұл соғысты ұйымдастыру арқылы Қарсыласу қозғалысының көзін жоймақ болды. Алайда олардың жоспары сәтсіздікке ұшырады",- деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сейіт Хасан Насролла: "Егер Ливан 2006 жылғы соғыста жеңіліс тапқанда, сионистік-америкалық жоспар бойынша соғыс одан әрі Сирия, Палестина қарсыласу қозғалысына, кейін Иранға қарай жалғасын табар еді", -деді.
Сейіт Хасан Насролла сондай-ақ АҚШ-тың Иранға қарсы заңсыз санкцияларын қайтаруына тоқталып: "Вашингтон Иранға санкция салу арқылы ИИР жүйесін құлатып, Қарсыласу өзегін әлсіретуді көздеп отыр. Бірақ, ешқашан бұл мақсатына жетпейді",- деді.
Насролла дұшпанның Иран мен Иран халқын әлі танып-білмегенін ескертіп: "Иран бүгінде бұрынғыдан әлдеқайда мықты елге айналған",- деп қуаттады.