Бин Салманды сынаған саудиялық уағызшылар азаптау кезінде көз жұмды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i38670
Сауд Арабиясындағы уағызшылардың бірі Солейман әд-Дуәйш осы елдің тақ мұрагері Мұхаммад бин Салманды сынағаны үшін абақтыға қамалып, сейсенбі күні азаптау кезінде өлтірілді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 15, 2018 21:45 Asia/Almaty
  • Бин Салманды сынаған саудиялық уағызшылар азаптау кезінде көз жұмды

Сауд Арабиясындағы уағызшылардың бірі Солейман әд-Дуәйш осы елдің тақ мұрагері Мұхаммад бин Салманды сынағаны үшін абақтыға қамалып, сейсенбі күні азаптау кезінде өлтірілді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, өткен бір жылдың ішінде, әсіресе аймақта АҚШ пен Израильдің саясаттарын жүзеге асыруды көздеп отырған Мұхаммад бин Салман Сауд Арабиясының тақ мұрагері ретінде тағайындалғаннан кейін саудиялық режимнің уағызшылары, діни қызметшілері, ханзадалары мен үлемдерінің ішінен көптеген адам құрықталып, абақтыға қамалған.

Сауд Арабиясындағы саяси тұтқындардың саны 30 000 адамға жетті. Бұл статистикалық мәлімет диктаторлық Сауд әулеті режимінің Сауд Арабиясы халқына қарсы қатігез саясатын көрсетіп отыр.