Ливанның "Араб бірлігі" партиясы Саад әл-Хариридің Сирияға қарсы ұстанымдарын сынады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i38675-Ливанның_Араб_бірлігі_партиясы_Саад_әл_Хариридің_Сирияға_қарсы_ұстанымдарын_сынады
Ливанның "Араб бірлігі" партиясы осы елдің Премьер-министрі Саад әл-Хариридің жуырда Ливан мен Сирия қарым-қатынасының қайта жандануына қарсылығы туралы айтқан сөзіне наразылық білдіріп: "Екі елдің қатынасы оның жеке мүлкі емес",-деп баса айтты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 15, 2018 22:22 Asia/Almaty
  • Ливанның

Ливанның "Араб бірлігі" партиясы осы елдің Премьер-министрі Саад әл-Хариридің жуырда Ливан мен Сирия қарым-қатынасының қайта жандануына қарсылығы туралы айтқан сөзіне наразылық білдіріп: "Екі елдің қатынасы оның жеке мүлкі емес",-деп баса айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, 24 мамырда Ливанның жаңа кабинетін құруға жауапты тұлға деп таңдалған Саад әл-Харири сейсенбі күні: "Егер басқалар Бейрут пен Дамаск қарым-қатынасының қайта жандануына табандылық танытатын болса, Ливанның жаңа үкіметі ешқашан құрылмайды",-деп қоқан-лоққы жасады.

Ливанның "Араб бірлігі" партиясының басшысы Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында: "Харири өз әулетінің басқа тараптармен қарым-қатынасын басқара алады, бірақ Ливан мен Сирия байланысына қатысты былай әрекет ете алмайды",-деп жазды. Ливан Хезболласының бас хатшысы Сейіт Хасан Насролла да сейсенбі күні: "Ливан мен Сирия қарым-қатынасына қарсы адамдар кейін кері шегінетін позицияларына табандылық танытпай-ақ қойсын",-деді.

Осындай жағдайда Ливан Президенті мен кейбір топтар, соның ішінде Хезболла, "Амол" қозғалысы мен Ұлт азаттық қозғалысы Ливан мен Сирияның қарым-қатынасын қайта жандандыруды қолдап отыр.