Ирактағы парламенттік сайлаудың қорытынды нәтижесі үш айдан соң расталды
Ирактың Жоғары федералды соты бұл елдегі парламенттік сайлаудың қорытынды нәтижесін ресми түрде растады.
IRNA ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі хабарлауы бойынша, Ирактың Жоғары федералды сотының баспасөз өкілі Аяс әс-Самук мәлімдеме жариялап: "Жоғары федералды сот наразылықтар мен түскен шағымдарды жете қарастырғаннан кейін жуырда өткен парламенттік сайлаудың нәтижесін бір дауыстан растады",- деді.
Ирактағы парламенттік сайлаудың заңды түрде өткені сайлау өткізілгеннен үш ай өткен соң және сайлау нәтижелеріне қатысты кейбір наразылықтарға байланысты дауыстарды қайта санау аяқталғаннан бірнеше күннен кейін расталды.
Ирактың төртінші сайлау комиссиясы 2018 жылы шілденің үші күні кейбір сайлау учаскелерінде заң бұзушылық орын алғаны туралы шағым түскеннен кейін сайлау дауыстарын қайта санауды бастаған болатын.