Сирия соғысында 86 000 лаңкестің көзі жойылды
(last modified Thu, 23 Aug 2018 11:53:18 GMT )
Там 23, 2018 17:53 Asia/Almaty
  • Сирия соғысында 86 000 лаңкестің көзі жойылды

Ресей Қорғаныс министрі бір бейнематериал жариялап, елінің Сириядағы күштерінің лаңкестікке қарсы амалдарының нәтижесін баяндап, 2015 жылдың 30 қыркүйегінен бастап Ресейдің Сириядағы әуе ғарыш күштері мен теңіз флотының лаңкестікке қарсы амалдары барысында 86 000 лаңкестің көзі жойылғанын мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің сәрсенбі күні кешке хабарлауы бойынша, осы адамдардың ішінде 4500 адам Ресей және бұрынғы Кеңес одағы елдерінің азаматтары болған. Олар Сирияның әртүрлі аудандарында өлтірілді.

Ресей Қорғаныс министрінің хабарлауы бойынша, Ресейдің Сириядағы лаңкестікке қарсы амалдары барысында 600‑ден астам танк,  адам таситын 700 сауытты көлік, ауыр қарумен жарақталған 9000 көлік жойылған.

Ресей Қорғаныс министрі бейнематериалда 86 кеме мен 14 сүңгуір қайықтың Сириядағы лаңкестікке қарсы амалдарға қатысқанын айтты.

 

Тегтер