Сирия СІМ: Дамаскта ешқандай химиялық қару жоқ
https://itolqyn.com/news/west_asia-i38756-Сирия_СІМ_Дамаскта_ешқандай_химиялық_қару_жоқ
Сирия СІМ бейсенбі күні мәлімдеме жариялап: "АҚШ, Франция мен Ұлыбританияның лаңкестік топтарға қолдау көрсетуінің жалғасында олар ақпарат құралдары арқылы тағы қоқан-лоққы жасап, Дамаскке қарсы жалған мәлімет таратумен айналысуда.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 24, 2018 17:32 Asia/Almaty
  • Сирия СІМ: Дамаскта ешқандай химиялық қару жоқ

Сирия СІМ бейсенбі күні мәлімдеме жариялап: "АҚШ, Франция мен Ұлыбританияның лаңкестік топтарға қолдау көрсетуінің жалғасында олар ақпарат құралдары арқылы тағы қоқан-лоққы жасап, Дамаскке қарсы жалған мәлімет таратумен айналысуда.

Сирия кез келген жерде және кез келген жағдайда химиялық қару-жарақ қолдануды айыптап, Дамаскта ешқандай химиялық қарудың жоқ екендігін және химиялық қаруды пайдаланатын жалғыз тараптың Батыс және аймақ елдерінің, атап айтқанда Сауд Арабиясының қамқорлығындағы лаңкестік топтар екендігін бірнеше рет мәлімдеді",- деп жазылған.

АҚШ, Франция мен Ұлыбритания тамыздың жиырма бірі күні мәлімдеме жариялап, Сирия үкіметін химиялық қару қолданумен айыптаған болатын.