"Ақ қалпақтылар" тобы жаңа қастандық әрекеттерінде Идлибке хлор газын тасымалдады
(last modified Fri, 24 Aug 2018 16:06:47 GMT )
Там 24, 2018 22:06 Asia/Almaty

Ұлыбритания мен АҚШ-тың барлау ұйымдарына қарасты "Ақ қалпақтылар" тобы Сирияға қарсы жаңа қастандық әрекеттерінде елдің Идлиб облысындағы Джиср-эш-Шуғур қаласына хлор газының жаңа тиелімін жеткізді.

"Ақ қалпақтылар" тобы 2013 жылы АҚШ пен Ұлыбританияның барлау ұйымдары тарапынан құрылған. Бұл топ лаңкестердің бақылауындағы Сирияның түрлі аймақтарының тұрғындарына көмек көрсету мақсатында құрылғанымен, шын мәнінде лаңкестерге жақтасып, Сирия халқы мен жүйесіне қарсы әрекет етіп келеді.

Ресейлік ақпарат көздері аталмыш топтың Сирияның Идлиб облысы Джиср эш-Шуғур қаласына 8 бөшке хлор газынан тұратын тиелімді жеткізгені туралы хабарлады.

Бұл әрекет АҚШ пен Ұлыбританияның Сирия жүйесіне қарсы химиялық қару қолдану туралы уәж арқылы жаңа қастандық әрекетті жоспарлап жатқанын білдіреді.

"Ақ қалпақтылар" тобы сегіз бөшке хлор газыың жүк тиелімін "Ан-Носрат" майданы тобының қоластындағы Джиср эш-Шуғур қаласының тұрғындарына қарсы қолдану үшін бұл улы газды осы аймаққа жеткізген. Алайда, Сирия жүйесі әдеттегідей бейбіт тұрғындарға қарсы химиялық қару қолданды деп айыпталатын болады.

Осылайша АҚШ пен Ұлыбритания және оларға қарасты ақпарат құралдары үшін Сирияға қарсы жаңа насихаттық сюжет пайда болады. Бұрын Ресейдің басып алынған Палестинадағы елшілігі осы мәселе мен "Ақ қалпақтылардың" әдісіне сілтеме жасаған болатын.

"Ақ қалпақтылар" тобының Сирия жерінен шығарылғаны туралы мәселе көтерілген өткен айда Ресейдің басып алынған Палестинадағы елшілігі "Ақ қалпақтылар" тобының бірқатар мүшесі мен олардың отбасыларының Сирияның оңтүстік-батысынан шығарылуымен бұл аймақтағы химиялық қаруға қатысты арандатушы әрекеттердің азаятындығына аса үміттенбеу қажеттігін баса айтқан болатын. Шынтуайтында, Ресейдің басып алынған Палестинадағы елшілігі Сирия жүйесінің осы елдің кейбір аймақтарында химиялық қаруды пайдаланғаны туралы ешбір құжаттың жоқтығы мен дәлелсіз ұйымдастырылған көрсетілімдерге қатысты сілтеме жасаған еді.

"Ақ қалпақтылардың" Джиср эш-Шуғур қаласына сегіз бөшке хлор газынан тұратын тиелімді тасымалдау әрекетіне байланысты келесі екі жайтты айтып кеткен жөн: біріншіден, "Ақ қалпақтылар" тобы өткен шілде айында жүздеген мүшесінің Сирия территориясынан басып алынған жерлер мен Йорданияға көшіріліп, Германия мен Франция секілді елдер топтың 3000-нан астам мүшесін қабылдауға әзірлік білдірген жағдайда осы қылмыстық әрекетті жүзеге асырып жатыр; екіншіден, Сирия мен одақтастарының әскери күштері Идлиб облысын азат етуге бағытталған әскери амалдарын бастауды көздеп отыр. Жуырда Сирияның әскери күштерінен бірнеше топ Идлиб облысына аттанған болатын.

"Ақ қалпақтылар" тобының жуырда Идлиб облысына хлор газын тасымалдау әрекеті Сирия әскері мен одақтастарының осы облысты азат етуге бағытталған әскери амалдарының басталуымен бір мезгілде жүзеге асырылды.

Идлиб облысы қазір "Ан-Носрат" майданы лаңкестік тобының бақылауында.

 

 

Тегтер