Ирандық әскери кеңесшілердің Сирияда қалуының болашағы екі тараптың ерік-жігеріне байланысты
(last modified Sun, 26 Aug 2018 09:39:56 GMT )
Там 26, 2018 15:39 Asia/Almaty

Иранның Қорғаныс және Қарулы күштерді қолдау министрі бригада генералы Хатами Сирия үкіметінің өтінішімен ирандық әскери кеңесшілердің осы елдегі құзырына тоқталып, ирандық әскери кеңесшілердің Сирияда қалуын екі ел басшыларының ерік-жігерімен байланыстырды.

Бригада генералы Хатами жексенбі күні Дамаск әуежайында ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Сирия армиясы мен қарсыласу қозғалысы жауынгерлерінің лаңкестік топтармен күрестегі соңғы жеңістерімен құттықтап: "Үшінші тарап ирандық әскери кеңесшілердің Сириядағы құзырына әсер ете алмайды",-деді.

Бригада генералы Хатами, сондай-ақ, осы сапар барысында Сирияның Қорғаныс министрімен қол қоятын келісім жайлы: "Сирия дағдарыстан өтіп, қайта жөндеу кезеңіне аяқ басып отыр. Сондықтан бұл келісім Иранның құзыры мен атсалысуына, Теһран-Дамаск екіжақты әріптестігі үшін қажет жағдай қалыптастырады",-деді.

 

 

Тегтер