Сауд Арабиясы Йеменге жанармай апара жатқан кемені тоқтатты
https://itolqyn.com/news/west_asia-i38777-Сауд_Арабиясы_Йеменге_жанармай_апара_жатқан_кемені_тоқтатты
Сауд Арабиясы бастаған басқыншы коалиция Йеменнің батысында орналасқан әл-Ходайда айлағына бағыт алған мұнай өнімдерін тасымалдаушы кемені тоқтатты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 26, 2018 16:50 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясы Йеменге жанармай апара жатқан кемені тоқтатты

Сауд Арабиясы бастаған басқыншы коалиция Йеменнің батысында орналасқан әл-Ходайда айлағына бағыт алған мұнай өнімдерін тасымалдаушы кемені тоқтатты.

Al-Masirah ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Йеменнің әл-Ходайда айлағындағы бір хабардар дереккөзі Йемен халқына мұнай өнімдерін апара жатқан бұл кеменің БҰҰ-ның рұқсатына ие болғанын айтты.

Саудиялық басқыншы коалиция Йеменді қоршауды жалғастырып, жанармай тасыған кемелер мен гуманитарлық көмектер және дәрі-дәрмек тиеген ұшақтардың Йеменнің айлақтары мен әуежайларына кіруіне кедергі жасап, бұл елді азық-түлік пен дәрі-дәрмек тапшылығына ұшыратып отыр.