Иран мен Сирияның Қорғаныс министрлері пікір алмасты
Там 26, 2018 20:46 Asia/Almaty
Иранның Қорғаныс министрі сириялық әріптесімен кездесуінде: "ИИР Сирияның территориялық тұтастығын қорғау үшін бар күшін салады. Өйткені, бұл елдің қауіпсіздігі аймақтың тұрақтылығына көмектеседі",- деді.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иранның Қорғаныс министрі Амир Хатами жексенбі күні Дамаскте сол елдің Қорғаныс министрі Әли Аюбпен кездесуінде: "Сирияны лаңкестерден босату аймақтың қауіпсіздігне себеп болып, бөгделердің араласу сылтауын жояды",- деді.
Иранның Қорғаныс министрі екі күндік сапармен Дамаскке аттанып, сол елдің Қорғаныс министрлігі басшыларымен кездесті.
Иранның Қорғаныс министрі Сирия Президенті Башар Асадпен кездеседі.
Тегтер