Иранның Қорғаныс министрі Сирия президентімен кездесті
(last modified Mon, 27 Aug 2018 09:17:53 GMT )
Там 27, 2018 15:17 Asia/Almaty
  • Иранның Қорғаныс министрі Сирия президентімен кездесті

ИИР Қорғаныс министрі Сирия президентімен кездесуінде Сирия әскері мен қарсыласу күштерінің лаңкестерге қарсы күресте қол жеткізген жеңістерімен құттықтап: "Тек аймақ елдері ғана емес, сондай-ақ, бүкіл әлем халқы да бұл елде лаңкестерге қарсы орын алған күрестерге қарыздар",- деді.

Бригада генералы Амир Хатами жексенбі күні Башар Асадпен кездесуінде Иранның дағдарыс және лаңкестермен соғыс кезінде Сирия халқы мен үкіметінің жанынан табылғаны секілді бұл елді қайта құру кезеңінде де осы елдің жанынан табылуға дайын екендігін мәлімдеп: "Иранның жеке секторы жақсы қабілеттер мен әлеуеттерге ие болуына байланысты Сирияны қайта құру кезеңіне атсалыса алады",- деді. Башар Асад ИИР Қорғаныс министрі мен бірге келген делегацияның Сирияға жасаған сапарының Сирия әскері мен одақтастарының жеңістерімен қатар келуін жақсылыққа балап: "Дамаск-Теһран қарым-қатынастары берік әрі тұрақты. Екі ел арасындағы қатынастар туралы барлық қауесеттер мен кінәны басқаға таңу әрекеттерінің барлығы Ислам революциясының жеңіске жетуінен негізі қаланған Иран мен Сирия арасындағы берік қарым-қатынастарға еш әсерін тигізе алмайды",- деп баса айтты.

 

 

Тегтер