Зариф Эрдоғанмен кездесті
Там 30, 2018 17:14 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф пен Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоған сәрсенбі күні Анкарада Әділет және даму партиясының кеңсесінде кездесіп, екіжақты қарым-қатынастар мен Сириядағы өзгерістер туралы пікір алмасты. Кездесуге Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу да қатысты.
Зариф Чавушоглумен кездесуінде Сирия өзгерістері және Иран, Түркия мен Ресей президенттерінің Иранның солтүстік-батысында орналасқан Табризде өтетін үшжақты саммит туралы пікір алмасты.
Иран, Түркия мен Ресей президенттерінің Сирия өзгерістері туралы саммиті қыркүйек айының жетісі күні Иранның Табриз қаласында өтеді.
Тегтер